Қарағандыда екі автобус соқтығысты
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қарағандыда көпірде екі автобус <a href="https://www.instagram.com/reel/ClXshKxKwzQ/?utm_source=ig_web_copy_link">соқтығысып</a>, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Жол апаты салдарынан №41 автобустың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 15 жолаушы мен №146 бағыттың жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға кезінде №41 автобус бос болды», деп хабарлады Қарағанды облысының жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.