«El Media» редакциясына кіреберіс витриналарды сындырған күдіктілер ұсталды
<p style="text-align: justify;">«El Media» реадакциясына кіретін терезелерді сындырған <a href="https://t.me/elmedia_kz/626" target="_blank" rel="noopener noreferrer"></a>бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://t.me/POLICE_of_KZ/5421" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Рolisia.kz-ке</a> сілтеме жасап.</p>
Алматы қаласының полиция департаменті, аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адамды ұстады. Олар - Алматы қаласының тұрғыны З.есімді азамат және Тараздық Г.есімді азамат. Екеуі де 18 жаста.
«Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады. Істің басқа да мән-жайлары анықталуда», делінген хабарламада.