Елордада 2,5 мың жұмысшы қар тазалап жатыр
<p style="text-align: justify;">Елордада қысқы кезеңнің басталуымен коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде қаладан 200 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.</p>

25 қараша күні таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника шықты.
24-25 қарашаға қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды. Бұл 500-ге жуық рейсті құрады.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең.