Бразилияда қала әкімін жұмыс орнында атып кетті
<p style="text-align: justify;">Бразилиядағы Лажеадо-ду-Бугре қаласының мэрі Роберта Макиэль душ Сантусты жұмыс орнында атып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://g1.globo.com/rs/rio-grande-do-sul/noticia/2022/11/24/quem-era-roberto-maciel-santos-prefeito-de-lajeado-do-bugre-assassinado-dentro-do-gabinete.ghtml">G1</a>-ге сілтеме жасап.</p>
Порталдың хабарлауынша, белгісіз ер адам әкімдікке басып кіріп, оны жұмыс орнында атып кеткен. Қылмыскер қала әкімшілігінің тағы бір қызметкерін де жаралап, кейін ол Палмейра-дас-Миссоес ауруханасына жеткізілген. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оның оқ жарақатымен ауруханада жатқанын атап өтті.
«Таңертең бетперде киген адам Лажеадо-ду-Бугре қаласы мэрінің кеңсесіне баса-көктеп кірді. Ол екі адамды атып, көлікке отырып қашып кетті. Роберто Макиэль оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады жергілікті полиция.