Аймақтар
1 мин оқу 320

ШҚО-да боранға байланысты екі жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты екі жол уақытша жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Департамент мәліметінше, 25 қараша күні сағат 10.30-дан бастап «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымында және Өскемен қаласының іргесіндегі Новотроицкое ауылына кіреберіс жолдың 0-22 шақырымы көліктің барлық түріне жабылды. Жел мен қатты боранның салдарынан жол көрінбейді.

«Азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және «112» қызметінің хабарламаларын қадағалауды сұраймыз. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райының болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру қажет», делінген хабарламада.

Бөлісу:
ШҚО-да боранға байланысты екі жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар