Әлем
1 мин оқу 270
Қытайда коронавирустың 33 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркелді
<p style="text-align: justify;">Қытайда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 32 943 жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Соңғы күндері Гуандун, Хэбэй провинцияларында, сондай-ақ орталық Чунцин мен Бейжің қалаларында жұқпалы аурулардың айтарлықтай өсуі байқалды.
Қытай астанасының билігі тұрғындардан күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты аса қажеттілік болмаса, үйлерінен шықпауды сұрайды. Бейжіңде қараша айының басынан бері 10 мыңнан астам коронавирус жұқтырғандар анықталды.
Қараша айынан бастап Қытайдың барлық дерлік аймақтарында коронавирустың таралуының үдеуі мен ұлғаюы тіркелді.
Бөлісу: