Елорда
1 мин оқу 290

Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

<p style="text-align: justify;">Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 26 және 27 қарашада жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.</p>

«Елордалық тауар өндірушілер мынадай тауар түрлерін ұсынады: ет және шұжық өнімдері, ұн мен макарон өнімдерінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрі: көкөністер, нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және т.б. Жәрмеңке Жүргенов, 29 мекенжайында өтеді», делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін бара алады. Барлық өнім нарықтан 10-15% төмен бағада сатылады.

Бөлісу:
Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар