Әлем
1 мин оқу 300
Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті
<p style="text-align: justify;">Индонезияның Батыс Ява провинциясында 21 қарашада болған магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Индонезияның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігіне (BNPB) сілтеме жасап.</p>
Сонымен қатар 24 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Бұған дейін АҚШ-тың геологиялық қызметі Индонезияның Батыс Ява провинциясында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді.
Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзала ошағы Чианжур ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан.
Бөлісу: