Ауа райы
1 мин оқу 270
Бүгін ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей уақыттарда қалың қар жауып, көктайғақ, екпінді жел, бұрқасын күтіледі.
Жетісу облысында, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады.
Бөлісу: