Саясат
1 мин оқу 354

Қазақстан – БҰҰ Жарғысын берік ұстанатын ел

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде еліміздің сыртқы саясатын қалай жүргізетіні туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан өз ұлттық мүддесін қорғауға бағытталған теңгерімді және конструктивті сыртқы саясатын жүзеге асыруды жалғастырады. Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттермен, интеграциялық бірлестіктер жөніндегі серіктестермен арадағы өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестік мәселелері басты назарда болады.

АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен, Азия, Таяу Шығыс және Кавказ мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа мүдделі елдердің барлығымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қазақстан қазіргі халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын берік ұстанатын ел болып қала береді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Қазақстан – БҰҰ Жарғысын берік ұстанатын ел · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар