Жетісу облысында бірқатар жол уақытша жабылды
<p style="text-align: justify;">Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«26 қарашада сағат 14:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында, республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолында, республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері тұрғындардан аталған бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрады.