Аймақтар
1 мин оқу 295

ШҚО-да боранда адасып кеткен екі адам табылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында боранда адасып кеткен екі шопан табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

26 қарашада Зайсан ауданындағы шаруа қожалығының басшысы құтқарушыларға хабарласқан. Ол Қаратал ауылының маңында мал іздеуге кеткен 2 шопанның жоғалғанын жеткізген. ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын «КУНГ» автокөлігімен көмекке аттанған.

«Құтқарушылар қатты аяз бен қарлы боранға қарамастан 1963 және 1983 жылғы ер адамдарды іздестірді. Шопандардың бірі «Жадыра» шаруа қожалығынан 5 шақырым жерде табылды. Ал екіншісі көп ұзамай өз бетімен оралды. Шопандарға медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
ШҚО-да боранда адасып кеткен екі адам табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар