ШҚО-да тағы бірнеше жол жабылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты тағы бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қалың қар жауып, боран соғуына байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» тас жолының 0-124 шақырымында (Қалжыр мен Марқакөл ауылдарының аралығы), облыстық маңыздағы «Алтай-Чапаево» тас жолының 0-36 шақырымында көлік қозғалысына толықтай тыйым салынған», делінген хабарламада.
ТЖД мамандары тұрғындарды жолда барынша абай болуға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде бірден «112» телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.