Чемпиондар лигасы: Төрттік финалға қатысатын командалар анықталды
<p style="text-align: justify;">Осы аптада футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша турнирдің шешуші кезеңі, төрттік финалдың қатысушылары анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
А тобындағы турнир итальяндық Аверса қаласында өтті. Оның жеңімпазы португалиялық «Спортинг» болды.
В тобындағы матчтарды испандық Пальма де Майорка қабылдады. Жергілікті «Пальма Футзал» қарсылас шақ келтірмей Төрттік финалға жолдама алды.
С тобының жеңімпазы португалиялық «Бенфика» болды. Алматыдағы турнирдің басында чехиялық «Хрудиммен» тең ойнаған «қырандар» кейін мальталық «Люксол Сент-Эндрюсті» ұтып, соңғы кездесуде алматылық «Қайратты» жеңіп, топ жеңімпазы атанды.
D тобында сенсацияның куәсі болдық. Испаниялық «Барса» бельгиялық «Андерлехтті» алға жіберіп, Еуропаның ең үздік клубы атағынан айырылды.