Спорт
1 мин оқу 230
Футболдан әлем чемпионатында Аустралия Тунисті жеңді
<p style="text-align: justify;">Футболдан әлем чемпионатының екінші турындағы матчта Аустралия құрамасы Тунисті жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл ойын алдында D тобында Аустралия құрамасы соңғы орында тұрған. Себебі аустралиялықтар бірінші турда Франциядан 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал Тунис бірінші турда Даниямен тең түскен болатын.
Тунис пен Аустралия матчында жанкүйерлер бір ғана гол көрді. 23-минутта Митчелл Дьюк баспен алыс бұрышты дәл көздеп, аустралиялықтарды алға шығарды - 1:0.
Осы ойыннан кейін Аустралия құрамасы D тобында екінші орынға көтерілді. Көш басындағы Франция екеуінде үш ұпайдан бар. Ал Дания мен Тунистің еншісінде бір ұпайдан.
Бөлісу: