Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Екібастұз қаласының жылу желілерінде болған апатқа байланысты жергілікті билік ТЖ режимін жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Апат орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін ТЖ режимі енгізіледі», делінген Екібастұз әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында.
Қала билігінің мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысаны сағат 01:30-дағы жағдай бойынша жылусыз қалды.
Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейі туралы хабарла. Кейін министрлік Екібастұздағы апат ЖЭО-да емес, жылу желілерінде болғанын нақтылады.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа ел қалаларындағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін қарауды тапсырған еді.