Әлем
1 мин оқу 190

Иран парламенті ШЫҰ-ға қосылуды мақұлдады

<p style="text-align: justify;">Иран парламенті елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қосылуы туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Tasnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Парламенттің ашық отырысында ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының Иран үкіметінің ШЫҰ-ға қосылуы туралы заң жобасы қаралды. 

Құжатты қабылдауға 205 депутат дауыс берді. 

Парламенттік комиссияда түсіндіргендей, Иран ШЫҰ-ға кіру үшін ұйым құрылғаннан бері бекітілген құжаттарды қабылдауы керек. 

Айта кетейік, ШЫҰ – 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары құрған халықаралық ұйым. Одан кейін Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға қосылып, 2021 жылдың ортасында ШЫҰ басшылары Душанбеде өткен саммитте Иранның ұйымға толыққанды мүшелікке қабылдануын мақұлдады.

Бөлісу:
Иран парламенті ШЫҰ-ға қосылуды мақұлдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар