Қоғам
1 мин оқу 424
«АрселорМиттал Теміртауда» тағы апат болды
<p style="text-align: justify;">«АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
26 қарашада №3 әзірлемелерді үздіксіз құю машинасының болат шөміш қақпасына металл төгілді.
«Технологиялық персонал төтенше жағдайда тиісті процедураларды толық орындады. Металл арнайы шұңқырға құйылды. Конвертер цехы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ӘҮҚМ-3-ті сынақтан өткізу және іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ», делінген «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу: