Ауа райы
1 мин оқу 201

ШҚО-дағы республикалық автожолдар жабылады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің мәліметінше, 28 қараша кешкі сағат 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы -30С-тан төмен болуы мүмкін, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осыған орай жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі сағат 19:00-ден бастап жоғарыда аталған өңірлердің барлық республикалық автожолдарында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі.

Сондай-ақ ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы жолаушылардан маршрутты алдын ала түзетуді, алыс сапарға шықпауды және ауа-райы болжамын мұқият қадағалауды сұрайды. 

«Штаттан тыс жағдай туындаса жүргізушілер мен жолаушыларға ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының 1403 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталығына хабарласуға кеңес береміз», делінген компания хабарламасында. 

Бөлісу:
ШҚО-дағы республикалық автожолдар жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар