Қоғам
1 мин оқу 275

Екібастұз жұртына көмек

<p style="text-align: justify;">&laquo;Amanat&raquo; партиясының мүшелері Екібастұз қала&shy;сының жылусыз қалған тұрғындарына гумани&shy;тарлық көмек жіберді. Партияның Астана қала&shy;сындағы филиалынан гу&shy;ма&shy;нитарлық көмек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Аманаттықтар барлығы мыңнан аса жаңа электр жылытқыш, көрпе, термос және тағы басқа қажетті заттар жолдады.</p>

Екібастұз жұртына көмек

«Партиялықтар Екібас­тұз­дағы жағдайға алаңдап отыр. Ама­наттықтар Арыстағы, Мақта­аралдағы және Әулиекөлдегі оқиғалар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектескен болатын. Бұл жолы да шет қала алмаймыз. Бүгін елордадан ең қажетті заттар – жылытқыштар, көрпелер жөнелтіледі. Бүгіннен қалмай бұл көмек Екібастұз тұрғындарына жеткізіледі», деп атап өтті «Amanat» партиясы Астана қаласы филиалының атқа­рушы хатшысы Берік Жәкенов.

Екібастұзда волонтерлер штабы ашылды. «Жастар Рухының» белсенділері үй-үйді аралап жатыр. Мобильді бригадалар жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинауда. Сондай-ақ партияның жастар қанатындағы волонтерлер апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру жұмысымен де айналысып жүр.

Парламент Мәжілісіндегі «Ama­nat» партиясының депутат­тық фракциясының мүшелері, яғ­ни Ерлан Саиров, Вера Ким, Ар­­тур Платонов, Жанарбек Әшім­жан, Айгүл Нұркина, Дүйсенбай Тұр­­ғанов, Анатолий Бойчин де Екі­­бастұз қаласының тұрғын­да­ры­на жедел көмек көрсетіп жатыр.

Бөлісу:
Екібастұз жұртына көмек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар