Екібастұз тұрғындары бір ай бойы интернетті тегін пайдаланады
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысының тұрғындарына тегін ұялы байланыс ұсынылды. Енді 160 мыңнан астам абонент бір ай бойы тегін қоңыраулар мен тегін мобильді интернетпен пайдалана алады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Екібастұзда жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты министрлік мобильді операторларды Екібастұз бен Павлодар облысының тұрғындарына қолдау көрсетуге шақырып, акцияға бастамашылық жасады.
Осылайша, Екібастұзда Tele2/Altel қолданатын 17 мың абонент 45 минут тегін қоңырау мен ұялы нөмірлерге 45 тегін SMS, сондай-ақ 8 Гб интернет-трафик алады. Бұл пакет 28 қарашадан бастап 30 күн бойы жарамды болады.
Павлодар облысында тұратын Kcell абоненттеріне 4 Гб интернет-трафик пен басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне 20 минут тегін қоңырау ұсынылған. Бонустық ресурстар 7 күн бойы жарамды болады.