Қоғам
1 мин оқу 500

Өскемен ЖЭО «ірі апатқа» қатысты түсініктеме берді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">29 қарашада Қазнетте Өскемен жылу электр станциясында ірі апат болғаны туралы ақпарат тарады. ЖЭО мәлімдегендей, ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Өскемен ЖЭО» ЖШС бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарды.

«Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджері мен басқа да әлеуметтік желілер арқылы «Өскемен ЖЭО-да» болған ірі апат туралы ақпарат тарап жүр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Өскемен ЖЭО» ЖШС жабдықтары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», делінген хабарламада.

ЖЭО қызметкерлерінің айтуынша, жеті қазандық агрегаты мен алты турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

«Станцияның генерациясы төмендеді, жабдықтың барлық қуаты температуралық режимді арттыруға бағытталған», делінген хабарламада.

Алайда жергілікті тұрғындар жазба астындағы пікірлерде шағымдарын білдіріп жатыр.

Бөлісу: