Қаржы
1 мин оқу 160

Доллар бағамы қайта өсті

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 468,43 теңгені құрап, тағы 0,42 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы сәл өсіп, 65,27 теңгені (+0,42) құрады.

Еуро және Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 488,82 теңгеге, рубльді - 7,7 теңгеге белгіледі.

Осылайша, айырбастау пункттерінде долларды 467,5-471 теңгеден, еуроны - 484-490,5 теңгеден, ресей рублін - 7,25-7,45 теңгеден сатып алады/сатады.

Айта кетсек, 29 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы да біршама өсті.

Мәселен, Brent маркалы қаңтар фьючерстерінің құны 2,37%-ға өсіп, барреліне 85,16 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 1,98%-ға көтеріліп, барреліне 78,87 долларға жетті.

Бөлісу:
Доллар бағамы қайта өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар