Қазақстан
1 мин оқу 251

Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысымен сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Америка тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары &ndash; Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен арасында телефон арқылы сұхбат өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Келіссөздер барысында тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетудің кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті проблематиканы талқылады.

М.Тілеуберді 2022 жылғы 20 қарашада өткен президенттік сайлаудың қорытындылары жөнінде Э.Блинкенді егжей-тегжейлі хабардар етіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократиялық реформаларын Вашингтонның қолдайтынын растаған АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесі үшін алғыс айтты.

Бөлісу: