Аймақтар
1 мин оқу 380

Бурабай ауылындағы үйлерге жылу берілді

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Бурабай ауылы тұрғындарының пәтерлерінде температуралық режимді тұрақтандыруға мүмкіндік туды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр.

Ауылдағы емхана, кітапхана сияқты әлеуметтік нысандар қалыпты +20°С температурада жұмыс істейді.

«Ауылдағы қазандықтағы ақауға байланысты температураның уақытша төмендеуі байқалды. Әсіресе тұрғындардың пәтерлеріндегі температураға бақылау күшейтілді. Қазір температура көтеріліп жатыр. Тұрғын үйлерді тұрақты тексеру пәтерлердің көпшілігінде +20°C, кей жерлерде +22°C температурада екенін көрсетеді», деді Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Биданов.

Еске салайық, Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Бурабай және Оқжетпес ауылдарының тұрғындары пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып шағымданған болатын. Термометрлер 5-15 градусты көрсетті. Ауылдағы бір мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшті. Шенеуніктер қазандықтың жұмыс істеп тұрған жабдықтарындағы технологиялық ақауға байланысты не болып жатқанын түсіндірді.

Бөлісу:
Бурабай ауылындағы үйлерге жылу берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар