Аймақтар
1 мин оқу 183

Сәрсенбіде кей өңірлерде ауа райы қолайсыз болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

30 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа қарай соғады, орталығында күші 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнгі уақытта 40 градус аяз болады. 

Ал Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың  батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс орталығында және Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. 

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан кей уақыттарда 30 м/с болады.

Бөлісу:
Сәрсенбіде кей өңірлерде ауа райы қолайсыз болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар