Заманауи өзгеріс ескерілуі тиіс
<p style="text-align: justify;">БАҚ туралы заңға толықтырулар мен өзгерістер ен­гізетін уақыт жетті. Қазір қоғамда «Ұстаздар мәртебесі» анық­талды. Дәрігерлерге қатысты да осындай заң жобасын енгізу қарас­ты­ры­лып жатыр. Журналист мәртебесі де заң жүзінде бекітілсе, артық болмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та пікірін білдірген болатын.</p>

БАҚ туралы заң жобасында заманауи өзгерістер де ескерілуі керек. Әлеуметтік желі – Инстаграм, Фейсбук, Телеграмм сияқты көпшілік қолданысындағы ақпарат тарату, фейк ақпараттарға қарсы тосқауыл, азаматтық жауапкершілік талаптары көптен бері сөз болып келеді.
Пандемия жағдайында журналистер жедел ақпарат тарату тұрғысында өмірлік тәуекелдерге барып жүр. Бірқатар әріптесіміз өмірден өтіп те кетті. БАҚ қызметкерлерінің құқықтық қағидаттарына қайта назар аудару қажеттігі білінеді.
Онлайн форматта жұмыс істеуге көшкен редакциялар аз емес. Осы және басқа да бірқатар маңызды мәселе заң жобасын әзірлеу барысында назарда болуға тиіс. Парламент қарауына енгізілгенге дейін заң жобасы журналистер қауымдастығында кеңінен талқыланғаны дұрыс деп есептеймін.
Нұртөре ЖҮСІП,
Сенат депутаты