Қоғам
1 мин оқу 240

Қомақты қаржы анықталды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департа&shy;ментінің &laquo;Әуежай Атырау&raquo; кеден бекеті мен Атырау облысы бойынша тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жақында 28 миллион теңгеден астам ақшаны Грузияға заңсыз алып өтпек болған күдіктіні қолға түсірді.</p>

Қомақты қаржы анықталды

Бұл оқиға қараша айының басында Атырау әуежайында тіркелген. «Атырау-Кутаиси» халықаралық рейсімен ұшу барысында әдеттегідей «Rapiscan» рентген телевизиялық аппаратымен жолаушылардың қол жүктері тексеріледі. Кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан азаматының қол жүгінен 60700 доллар, 10 мың рубль және 7 мың теңге қолма-қол ақша табылады. Заң бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 545-бабы бойынша іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, Прези­денттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, елімізден Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 мың доллар баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.

Бөлісу:
Қомақты қаржы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар