Қоғам
1 мин оқу 600

Ақ төсті тұқан – Алматы зообағының жаңа тұрғыны

<p style="text-align: justify;">Алматы зообағына әке&shy;&shy;&shy;лінген ақ төсті тұ&shy;қан&shy;дардың (тукан) видеосы зообақтың әлеу&shy;меттік же&shy;лідегі парақ&shy;шасында жарияланды.</p>

Ақ төсті тұқан – Алматы зообағының жаңа тұрғыны

«Құстар Армения астанасы – Ереван қаласынан әкелінді. Олар әлі кішкентай, екі жаста. Қазір олар аквариум жанындағы Құстар үйінде тұрады. Тоқылдақ тәрізділер класына жататын, тұмсығы мүйізге ұқсас бұл құстардың отаны – Оңтүстік Америка ормандары», деп хабарлады зообақ өкілдері.

Сондай-ақ зообақта тұқан­дардың вольерге тез үйреніп, өздерін күтуші киперлермен достасып, көпшіліктің сүйікті құсына айналғанын хабарлады. Тропикалық құстар банан, апельсин сияқты же­міс­термен қатар, тышқан, құс жұмыртқаларымен қорек­тенеді. Тұқандар 20 жыл өмір сүреді. Ақ кеуделі тұқан Ха­лықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.

Бөлісу:
Ақ төсті тұқан – Алматы зообағының жаңа тұрғыны · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар