Аймақтар
1 мин оқу 172

Үкімет мүшелері Екібастұзда жедел штаб отырысын өткізді

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда Премьер-Министрдің орынбасары &ndash; Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, &laquo;ОАЭК&raquo; АҚ акционерлері, &laquo;Екібастұзжылуэнерго&raquo; ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

2022 жылғы 29 қарашадағы 23.55-тегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көп пәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр. Оларға соңғы учаскедегі апат жойылғаннан кейін жылу қайта беріледі. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурамен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы – 820С (норма 870С), кері қайтару – 540С (норма 560С), пәтерлерде – 18-200С, сыртқы ауа температурасы – 230С. 

Жеткізу желілері қатып қалған 59 көп пәтерлі тұрғын үйдің 22-сінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, тағы 37 нысан қалып отыр. 34 кезекші бригада жұмыс істеп жатыр.

Қалада азаматтарды қабылдау және жылыту үшін 14 арнайы пункт жасақталған.

Бөлісу:
Үкімет мүшелері Екібастұзда жедел штаб отырысын өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар