Қазақстан
1 мин оқу 354

Елімізде телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Сол себепті барлық телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 30 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Бөлісу:
Елімізде телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар