Қоғам
1 мин оқу 190
Астанада заңсыз шеруге қатысқан 18 адам жауапқа тартылды
<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 26 қараша күні Астанада өткен заңсыз шеруге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, 18 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Митинг болған жоқ. Жиналған адамдар заңсыз шеру өткізген, полиция оны тез арада тарқатты. Жалпы, заңсыз шеруге 300-ге жуық адам қатысты. Ұйымдастырушы ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», деді Игорь Лепеха журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта заңсыз шеру қандай мақсатпен ұйымдастырылғаны анықталып жатыр. Анықталғандай, бұл шеруге басқа аймақтардың тұрғындары да қатысқан.
Бөлісу: