Аймақтар
1 мин оқу 180

Рудный тұрғындары жылусыз қалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Рудный қаласының ахуалдық орталығы&raquo; КММ өзінің <a href="https://www.instagram.com/p/Clkpv_dNnJC/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Instagram</a> парақшасында қалалық жылу құбырларында ақау шыққаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Рудный қаласы, Шевченко көшесі 116 мекенжайы бойынша орналасқан № 5 сорғы станциясының жұмысында ақау шықты. 13 жеке үй жылудан ажыратылды. Жылу құбырының диаметрі - 159. Сондай-ақ Гагарин көшесі 6 мекенжайында да ұқсас жағдай анықталды. Құбырдың диаметрі - 159. 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылды», делінген хабарламада.

Бұған дейін Арқалық ЖЭО-да да апат болғаны туралы хабар тараған еді. Анықталғандай, қазандықтың қаптамасы бұзылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Коммуналдық кәсіпорынның деректері бойынша, Қостанайда барлық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Бөлісу:
Рудный тұрғындары жылусыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар