Оқиға
1 мин оқу 200
Алматыда 500-ге жуық оқушы эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 12:10-да Алматы облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады», деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша Талғар ауданы ПБ-ға тіркелді.
Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға беріледі.
Бөлісу: