Аймақтар
1 мин оқу 230
Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды
<p style="text-align: justify;">30 қарашада Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орынды тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Іле ауданы Полиция басқармасында тіркелді.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Калашников автоматының 3 бірлігін, Макаров жауынгерлік тапаншасын, 2 граната мен 100-ден астам түрлі патрондарды тауып, тәркіледі», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.
Бөлісу: