Қоғам
2 мин оқу 495

Сапалы интернет қолжетімді

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының тұрғын алабтарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету өте өзекті. Халық тығыз қоныстанған елор&shy;дадағы интернет сапасы туралы Астана қаласының цифр&shy;лан&shy;дыру және мем&shy;ле&shy;кеттік қызмет басқармасы Цифр&shy;лан&shy;ды&shy;ру бөлімінің бас маманы Ғани Бақдәулет баяндап берді.</p>

Сапалы интернет қолжетімді

Ол Астана қаласының цифр­ландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы «Астана-РЭК» АҚ және инвесторлармен бірлесе отырып, инвес­торлардың толық қаржы­лан­ды­ру­ы есебінен елорданың тұрғын алабтарында электр беру және жарықтандыру бағаналары бо­йы­мен оптикалық байланыс же­лілерін тарту жұмыстарын жүр­гізіп жатқанын жеткізді.

Сарыарқа ауданында «Ка­зах­­ские домашние сети» ЖШС-ы жұмыс жүргізуде. Бүгін­гі таңда «Көктал-2» тұрғын алабы бойымен 16 шақырым көше кабельдері тартылды. Абоненттерді қосудың тарифтік жоспары жылдамдыққа байла­нысты 4 500 теңгеден 14 500 теңгеге дейінгі аралықты құрай­ды (жылдамдық 50 Мбит/с-тен 500 Мбит/с дейін). Қазіргі уақытта тұрғындардан интернетке қосылуға 53 өтініш түсіп, 2022 жылдың 23 қарашасында «Көктал-2» бірінші абоненті қосылды, ауа райының қолайлы жағдайында күніне 5 абонентті қосу жоспарлануда. Интернетке қо­сылу тегін түрде жүзеге асырылады.

Тарифтік жоспарлардың ең төмені 50 мб/с – 4 500 теңге болса, стандартты 100 мб/с дейін – 6 500 теңге, ал ша­ңы­рақ тарифі 200 мб/с дейін 8 500 теңгені құрайды. 350 мб/с дейін отбасылық тариф – 11 500 теңге, максималды 500 мб/с дейінгі тариф 14 500 теңге болады.

Үркер тұрғын алабында «Synergy Telecom» ЖШС жұ­мыс жүргізуде. Бүгінгі таңда Үркер тұрғын алабы бойымен 20 шақырым көше кабельдері тар­тылды. Абоненттерді қо­су­дың тарифтік жоспары жыл­­дамдыққа байланысты
4 500 теңге және 6 500 теңге ара­лы­ғын құрайды (жылдамдық 50 Мбит/с-тен 100 Мбит/с дейін), жылдамдықты ұлғайтуға сұ­раныс болған жағдайда, оны 500 Мб/с дейін арттыруға болады. Қазіргі уақытта тұрғын­дар­дан интернетке қосылуға 40 өтініш қабылданды, ауа райының қолайлы жағ­дайында күніне 8 абонентті қосу жос­парлануда. Ағымдағы жыл­дың 29 қарашасында ал­ғаш­қы абоненттерді қосу жос­парланған.

Тұрғын алабтарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін қалаға жалпы сомасы 1,5 млрд тең­ге­ні құрайтын инвестиция тартылды. 2023 жылға «Көк­тал-1», «Агрогородок, «Ин­тер­национал», «Оңтүстік-Шы­ғыс» (оң жағалау), «Про­мыш­ленный», «Күй­ген­жар», «Мичурин», «Каз­го­родок», «Кирпичный», «Өн­діріс», «Қоянды» саяжайы тұр­ғын алабтарын интернетке қосу жоспарда бар.

Бөлісу:
Сапалы интернет қолжетімді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар