Тағайындау
2 мин оқу 730

Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып қайта тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың <a href="https://www.akorda.kz/kz/bo-isabaevty-tagayyndau-turaly-1111812">баспасөз</a> қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР Телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы болып бастады (1985-1987);

1987 - 1991 - республикалық «Лениншіл жас» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі;

1991-1994 – «Өркен», «Көкжиек» газеттерінің орынбасары, бас редакторы;

1994 - 1994 - Қазақ мемлекеттік теледидарының бас директоры;

1994 - 1994 - Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары;

1994 - 1995 - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы;

1995 - 1997 - Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

1997 - 1999 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының студенті;

1999 - 2000 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры;

2000 - 2002 - Премьер-Министр Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі;

05.2002 - 09.2002  - Сыртқы істер министрінің кеңесшісі;

09.2002 - 12.2002 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі;

2002 - 2003 - «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі;

2003 - 2006 - Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2006 - 2008 - Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, бір мезгілде Қазақстанның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2008 - 2008 - Мәдениет және ақпарат вице-министрі;

2008 - 2009 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Баспасөз хатшысы;

2009 - 2015 - Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2015 - 2019 - Қазақстанның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2019 - 2022 – Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы.

2022 жылдың 11 маусымынан бастап Жетісу облысының әкімі болды.

Бөлісу:
Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып қайта тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар