Футбол
1 мин оқу 190

ӘЧ: Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне өтті

<p style="text-align: justify;">Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турындағы Польша мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл ойында Аргентина құрамасы қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.

Бірінші голды 46-минутта Алексис Макаллистер соқты. 67-минутта Джулиан Альварес есепті еселеді.

Осылайша, Аргентина әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік алды.

Польша қосымша көрсеткіштер бойынша Мексиканы басып озып, 4 ұпаймен екінші орынды иеленді. Еуропа құрамасының гол айырмасы жақсырақ.

Бөлісу:
ӘЧ: Аргентина мен Польша плей-офф кезеңіне өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар