Тағайындау
1 мин оқу 1,070

Қостанай облысының әкімі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

1965 жылдың 24 тамызында, Қостанай облысының Ленинск ауылында дүниеге келген. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлік институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1987-1989 ж.ж - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері болды.

1989-1991 ж.ж - Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1991-1992 ж.ж - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженері .

1992-1993 ж.ж - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттік шағын кәсіпорынның директоры.

1993-1996 ж.ж - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары.

1996-1998 ж.ж - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президенті.

1998-2002 ж.ж - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі.

2002-2004 ж.ж - Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.

2004-2006 ж.ж - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2006-2010 ж.ж - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2010-2015 ж.ж - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015-2017 ж.ж - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Бөлісу:
Қостанай облысының әкімі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар