Әлем
1 мин оқу 290

Алмазбек Атамбаев сотқа жедел жәрдеммен жеткізілді

<p style="text-align: justify;">Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 1 желтоқсанда жедел жәрдем көлігімен сотқа жеткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Экс-президент Алмазбек Атамбаев жедел жәрдем көлігімен Бішкектің Первомай аудандық сотына жеткізілді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Тергеу Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы «Лауазымдық жағдайды теріс пайдалану» бойынша жүргізіледі.

Айта кетсек, 16 маусымда сот Алмазбек Атамбаевты екі қылмыстық іс бойынша ақтады. Кейінірек ол лауазымдық жағдайын асыра пайдаланғаны үшін айыпталды.

Бөлісу:
Алмазбек Атамбаев сотқа жедел жәрдеммен жеткізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар