Тағайындау
1 мин оқу 462

Түркістан облысының әкімі тағайындалды

<p>Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті.

2022 жылдың тамызынан бері Түркістан облысының әкімі. Бүгін ол қайта тағайындалды.

Бөлісу:
Түркістан облысының әкімі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар