Тағайындау
2 мин оқу 330

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметінде қалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Нұрлан Ұранхаев 1965 жылғы 4 мамырда дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында «инженер-механик» мамандығын, Қазақ қаржы-экономикалық институтында «экономист-менеджер» мамандығын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «инженер-құрылысшы» мамандығын оқыған.

Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.

1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы.

2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы).

2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы.

2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.

2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007 ж.— Астана қаласы, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.

2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы.

2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей.

2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.

2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.

2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана.

2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2019 жылғы 13 мамырдан бастап — Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

2022 жылдың маусымынан Абай облысының әкімі болды. Бүгін осы қызметке Президент жарлығымен қайта тағайындалды.

Бөлісу:
Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметінде қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар