Макрон Елисей сарайында Қ.Тоқаевты қабылдады
<p style="text-align: justify;">Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қытай, Ресей, Түркия және АҚШ үстемдікке таласатын стратегиялық аймақта Еуропаның ықпалын арттыруға ұмтылып, Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестікті нығайтуға айтарлықтай күш салып жатыр.</p>

Өткен айдың басында Макрон Парижде Батысқа сирек келетін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер жүргізді және сейсенбі күні Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.
2021 жылы Эмманюэль Макрон Парижде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды ерекше қарсы алған еді. Ал Украинамен қақтығысқа дейін ол Ресей президенті Владимир Путинмен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысты. Қ.Тоқаев Парижге сапарынан бір күн бұрын Мәскеуде Путинмен келіссөз жүргізді.