Теннис
1 мин оқу 204

Жас теннисшілермен кездесу

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстан қыздар құра&shy;масының көшбасшысы Елена Рыба&shy;кина Алматыға келіп, жас теннис&shy;шілермен кездесу өткізді.</p>

Жас теннисшілермен кездесу

Сондай-ақ спортшы журналистермен баспасөз мәслихатын өткізіп, жаңа маусымдағы ой-жоспарын ортаға салды. Жиында Елена желтоқсан айының ортасында Әбу-Дабиде өтетін көрме-жа­рысқа қатысатынын, сосын Дубайда жаңа маусымға дайындалатынын жеткізді. Қазақ­станның бірінші ракеткасының жаңа жылдағы алғашқы жарысы Аустралияның ашық чемпионаты болмақ.

Баспасөз мәслихатынан кейін теннис орталығының тәрбиеленушілері атақты спортшымен кортқа шықты. Елена балалар­мен бірге жаттығып, шеберліктерін арт­тыру бағы­тында ақыл-кеңесін айтып, сұрақ­тарына жауап берді.

Бөлісу:
Жас теннисшілермен кездесу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар