Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райына байланысты жеті өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.