Аймақтар
1 мин оқу 265

Өскеменде синтетикалық есірткі жеткізу арнасы жойылды

<p style="text-align: justify;">Өскеменде есірткі қойып кетушіден 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

ШҚО аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ЖІІШ жүргізген кезде есірткіні салып-қойып кетуші облыс орталығының тұрғыны ұсталып, одан жалпы салмағы 498 грамм «Альфа-РVP» психотроптық заты тәргіленген.

Әрі қарай іс-шаралар нәтижесінде есірткіні тасымалдауға, сақтауға және таратуға күдікті Талдықорған қаласының тұрғыны өңірлік курьер ұсталды. Жүргізілген санкцияланған тінту нәтижесінде ұсталған адамнан жалпы салмағы 2 келіден астам «Альфа-РVP» психотроптық заты тәркіленді.

Барлығы 2, 654 грамм есірткі заты тәркіленді, ол 9 мыңға жуық дозаны құрайды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Бөлісу:
Өскеменде синтетикалық есірткі жеткізу арнасы жойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар