Аймақтар
1 мин оқу 280

Екібастұзда 40-тан астам үйге су берілмеген

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда 40-тан астам үй сусыз отыр. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин&nbsp;брифингте айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазір 40-тан астам үй салқын сусыз отыр. Кеше сусыз отырған үйлердің саны 56 болып еді. Бұл бағытта оң динамика байқалады. Әрине, бұл жағдай электр жүйелеріне салмақ түсіруде. Бұрын қала 30-32 мегаватт электр энергиясын тұтынса, қазір ол тәулігіне 48-55 мегаваттқа жетіп отыр. Электр желілеріне күш түсуінен бүгінгі таңда 11 үй жарықтан ажыратылды. Қазіргі таңда қалада жалпы 7 бригада жұмыс істеп жатыр», деді әкім брифингте.

Бөлісу:
Екібастұзда 40-тан астам үйге су берілмеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар