Қазақстан
1 мин оқу 500

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері ант қабылдады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Шығыс&raquo; өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мыңға жуық жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Салтанатты рәсімде ел алдында ант қабылдаған сарбаздарға келген қонақтар мен Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, жергілікті атқарушы органдар мен қоғам өкілдері ізгі тілектерін білдірді.

14

– Бас қолбасшының және жеке өзімнің атымнан қызметтеріңе сәттілік тілеймін. Осындай Отан қорғаушыларды тәрбиелегені үшін ата-аналарына алғысымды айтқым келеді. Балаларыңыз конститутциялық парызын абыроймен орындап, үйлеріне мықты, шымыр, туыстары мен жақындарына сенімді тірек бола алатын нағыз Отан қорғаушы болып оралатынына сенімдімін, – деді Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Әлім Ибраев.

Бөлісу:
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері ант қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар