Үкімет
1 мин оқу 310

Роман Скляр апат салдары жойылғанша Екібастұзда болады

<p style="text-align: justify;">&nbsp;Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанша Екібастұзда болады.&nbsp;</p>

Бұл туралы ҚР Үкіметінің телеграм каналы ақпарат таратты.

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.

Қазіргі уақытта қосымша техника тартылды, барлығы 50-ден астам бірлік жұмылдырылды. Жергілікті жерлерде 36 бригада (261 адам) жұмыс істейді.

Айта кетейік, 3 желтоқсан күні сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйден 48-ден жұмыс аяқталды, тағы 28-ден қажетті іс-шаралар жалғасуда.

Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін әлі де 14 жылыту пункті жұмыс істейді.

Бөлісу:
Роман Скляр апат салдары жойылғанша Екібастұзда болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар