Қазақстан
1 мин оқу 252

Астанада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Астанада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ-не сілтеме жасап.&nbsp;</p>

«Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді», - деп жазды ІІМ-нен.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Астанада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар